以下は曲の歌詞です Alystama 、アーティスト - Moldanazar 翻訳付き
原文と翻訳
Moldanazar
Сенің мөлдір көздерің,
Еркелеп бір күлгенің
Жаныма қуат берер
Сүйем деген сөздерің.
Сенсіз мына өмірде
Жалғыздыққа төзем бе?
Тұманданар, сұрланар
Мұңға толар көңіл де.
Эй, ээй...
Сенсіз қараңғы күнім
Ызғарлы салқын түнім
Сусыз қалар айдыным
Сенсіз жаным.
Сезім суып сұқтанар
Жасқа толар жас жанар
Бар қызығы өмірдің
Арман болып құр қалар.
Ай, аай...
Қателестік, адастық
Неге сонша санастық
Қызғаныштан тарылып
Түсініспей таластық.
Сенсің менің барым да
Бақытым да, бағым да
Алыстама жанымнан
Маған қымбат сен ғана.
Ай, аай...
Сенсіз қараңғы күнім
Ызғарлы салқын түнім
Сусыз қалар айдыным
Сенсіз жаным.
Сезім суып сұқтанар
Жасқа толар жас жанар
Бар қызығы өмірдің
Арман болып құр қалар.
Ай, аай...
Алыстама, жанымнан менің алыстама!
Алыстама, жанымнан менің алыстама!
Алыстама, жанымнан менің алыстама,
Алыстама, жанымнан менің алыстама.
様々な言語の楽曲
あらゆる言語への高品質な翻訳
必要なテキストを数秒で見つけます