以下は曲の歌詞です MI ULAY 、アーティスト - AYANAT 翻訳付き
原文と翻訳
AYANAT
Тұра тұр әрі қарай
Қызыл, көк, сарыға сенім артпай.
Қармақпен hype ауламай
Ми улай, ми улай, ми улай.
Тұрмассың қиялдамай
Көрсетсем өзімді саған бұлай.
Ерін, көз, қылығы ұнайды
Ми улай, ми улай, ми улай.
Қума, бұл ағым ағым ба?!
Алдайды, алдайды.
Бала, сын санап сындың ба?!
Болмайды, болмайды.
Өзен ағысын бөгеуге болады,
Өмір ағысын бөгеуге болмайды.
Қума, бұл ағым ағым ба?
Қайнайды, қайнайды қан.
Найк, найк, найкпен ауа теуіп атты таң...
Қайнайды, қайнайды қан.
Ой былығы
Сен-басы, мен-мойыны, кім бұрады?
Түтіндеп, түңіліп, таласу түгілі,
Түбіңді таба алмай
Эй, қалмашы!
Күн-түн, түн-күн тағы да
Қалаң, қалаң бала тағы да
Шаң иіскеп қалдың ба тағы да?
Тағы ма?
Бағына!
Қума, бұл ағым ағым ба?!
Алдайды, алдайды.
Бала, сын санап сындың ба?!
Болмайды, болмайды.
Өзен ағысын бөгеуге болады,
Өмір ағысын бөгеуге болмайды.
Қума, бұл ағым ағым ба?
Қайнайды, қайнайды қан.
Найк, найк, найкпен ауа теуіп атты таң...
Қайнайды, қайнайды қан.
Шөлдесең шың күйге
Нағыз ағым өзім берем
Құлақтан алып, телбіретем.
Кіре алсаң, сәл биле
Терің терлеп, құла терең,
Оған бағыт өзім берем
Мен берем.
様々な言語の楽曲
あらゆる言語への高品質な翻訳
必要なテキストを数秒で見つけます