以下は曲の歌詞です Ханшайым 、アーティスト - Alem Band 翻訳付き
原文と翻訳
Alem Band
Сен сұлу ханшайымсың, бұралған бал қайыңсың.
Армансың бозбалаға, жар іздеген ханзадаға.
Жанымның жұлдызысың, бағымның бұлбұлысың,
Шуағың таралғандай, сұлулықтан жаралғандай.
Ертегі "мың бір түн" бе екенсің, ай мен күн бе екенсң?
Жұлдыздайсың лағыл, моншақ тағынған.
Әлде гүл ме екенсің, әлде нұр ма екенсің?
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған!
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған!
Тотыдай түрленесің, ғажайып күйге енесің,
Назданып нұрланғанда, құлпырады бұл жалған да,
Аялы жан сырымсың, аяулым бал шырынсың,
Шығыстың аруын-ай, ақ сәулелі, ай нұрындай.
Ертегі "мың бір түн" бе екенсің, ай мен күн бе екенсң?
Жұлдыздайсың лағыл, моншақ тағынған.
Әлде гүл ме екенсің, әлде нұр ма екенсің?
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған!
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған!
Таң нұрымсың, жан гүлімсің, жан жырымсың шалқыған,
Ертегімсің, көктемімсің көңілімде балқыған.
Аққуымсың, гәккуімсің сезіміді баураған,
Тұмарымсың, сыңарымсың жүрегімді жаулаған.
Ертегі "мың бір түн" бе екенсің, ай мен күн бе екенсң?
Жұлдыздайсың лағыл, моншақ тағынған.
Әлде гүл ме екенсің, әлде нұр ма екенсің?
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған!
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған!
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған!
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған!
様々な言語の楽曲
あらゆる言語への高品質な翻訳
必要なテキストを数秒で見つけます