Қазақ Қызы - Kairat Nurtas

Қазақ Қызы - Kairat Nurtas

Альбом
Үздік Әндер, Vol. 3
Год
2020
Язык
`カザフ語`
Длительность
199650

以下は曲の歌詞です Қазақ Қызы 、アーティスト - Kairat Nurtas 翻訳付き

歌詞 " Қазақ Қызы "

原文と翻訳

Қазақ Қызы

Kairat Nurtas

Қазақ қызы намысы сынғырлаған сезімдей

Айша бибі Домалақ аналардың көзіңдей

Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңліктердің өзіңдей

Намысынды ерлерін қорғаса екен көз ілмей


Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған

Лязатым мен Сәбирам гүлім еді жайқалған

Фаризам мен Мәрфуған елдің сөзің айта алған

Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман


Ахоу аридар-ей


Күләшім мен Майрам бар осыдан біл анам кім

Бибігүл мен Роза апам шоқ жұлдызы ғаламның

Мәдина апам жезтаңдай ақ баяны даламның

Қыздарым бар осындай бар қазаққа тағармын


Ахоу аридар-ей


Қызын туған батыр боп ар сатуға қақын жоқ

Аналарды кешегі аңсатуға қақын жоқ

Қабырғасын халқымның қаусатуға қақын жоқ

Қазақ қызы жаныма сенен артық жақын жоқ


Әдептікті Айман Шолпан қыздай жыр еттім

Күй ойнаса Дина апам қуын шерткен жүректің

Бүгін Мақпал апамдай сахнаға гүл ектің

Қазақ қызы сендерге ең тәттіс тілектің


Ахоу аридар-ей


Бір қыз маған жар болып көңілімді байытсың

Дархан дала мен болсам Ертіс Еділ Жайықсың

Болсам егер ескегін көлде жүзген қайықсың

Қазақ қызы қазақтың жігітіне лайықсың


Ахоу аридар-ей

200万曲以上の歌詞

様々な言語の楽曲

翻訳

あらゆる言語への高品質な翻訳

クイック検索

必要なテキストを数秒で見つけます