
以下は曲の歌詞です Сен 、アーティスト - Мөлдір Әуелбекова 翻訳付き
原文と翻訳
Мөлдір Әуелбекова
1. Сен — армансың, жүрегімде бүр жарған,
Сен — армансың, жанарымда нұрланған.
Алып ұшқан, ақжүрегім адасып,
Сағыныштан сарғаяды бұл жалған.
Суықкөзде мұңбасады еңсемді
Үмітті үзбей, сағынышым келші енді.
Қайырмасы:
Сен… Сен… Сыңары жан жүректің.
Ардағым ең, сағына күткен,
Арманым ең, бағыма біткен.
2.Сен — армансың, қиялыма жасырған,
Сен — сезімсің, тамырымда тасынған.
Сеніңәнің, сеніңжаныңтұп — тұнық,
Жаралғандай меніңмөлдір жасымнан.
Тектім болды, бара жатыр мендік мұң
Сертіңберіп, «сүйем» десеңсендікпін.
Қайырмасы:
Сен… Сен… Сыңары жан жүректің.
Ардағым ең, сағына күткен,
Арманым ең, бағыма біткен…
Сен… Сен… Сыңары жан жүректің,
Сен… Сен… Жылуы таңғы лептің.
Ардағым ең, сағына күткен,
Арманым ең, бағыма біткен…
様々な言語の楽曲
あらゆる言語への高品質な翻訳
必要なテキストを数秒で見つけます