Берілмеуім керек - AMAN

Берілмеуім керек - AMAN

  • リリース年: 2019
  • 言語: カザフ語
  • 間隔: 2:58

以下は曲の歌詞です Берілмеуім керек 、アーティスト - AMAN 翻訳付き

歌詞 " Берілмеуім керек "

原文と翻訳

Берілмеуім керек

AMAN

Мынау өмір мені жолдан тайдырмақшы неге (неге)

Көйлекпенен туылмаппын бай қылмапты деме (деме)

Əр адамның несібесі бар дейді ғой атам

Алам десең алдымен топ жар дейді ғой Отан


Ол күндер де алыс емес арманыма жетем

Көзқарасты кіргізбесем талғамыма бөтен

Мына заман мыстан кемпір алдайтындай мені

Бүйте берсе сенімімнің қалмайтындай шебі


Жаратқанға жалбарынам бақытты өмір тілеп

Көңілімнің айдынынан жақұт көрінші деп

Көре алмайтын адамдарға көрінбеуім керек

Биігіме жету үшін берілмеуім керек


Берілмеуім керек

Берілмеуім керек


Алға қарай жетелейтін жүрегімде от бар

Екі жаққа тартып жатқан бұл өмір де көкпар

Ойын болса ойланатын мен емеспін баяу

Бабам құсап аттылармен ерегестім жаяу


Бойда қуат бар кезінде мен барымды салам

Кейде екі бағытқа да тең жарылды санам

Бірде дұрыс бірде бұрыс болып жатыр іс іс менің

Бірақ оны туралауға толып жатыр күшім менің


Адасқанда жабырқаймын кешірімді сұрап

Ессіз жандар есергенде есігімде тұрад

Сол есікті тарыс жабар кезім енді келді

Саралайтын өткенімді сезім енді келді


Жаратқанға жалбарынам бақытты өмір тілеп

Көңілімнің айдынынан жақұт көрінші деп

Көре алмайтын адамдарға көрінбеуім керек

Биігіме жету үшін берілмеуім керек


Берілмеуім керек

Берілмеуім керек

Берілмеуім керек

Берілмеуім керек

200万曲以上の歌詞

様々な言語の楽曲

翻訳

あらゆる言語への高品質な翻訳

クイック検索

必要なテキストを数秒で見つけます